"Шар" қысқаметражды анимациялық фильмі

Шарлар түбіне байланған жіпті тұсау көреді. Сол жіптен тезірек құтылып, ешкімнің айтқанымен жүрмей өз еркіммен көкке қалықтап ұшсам ғой деп армандайды. Араларындағы біреудің сол арманы орындалып, кездейсоқ байланған жерден босап кетсе, басқалар оған қызыға, қызғана қарап, көздері жәутеңдеп шығарып салады. Алайда шарлар өздерін аспанда не күтетінін білмейді. Сіз білесіз бе?