Мұра ("Legacy")
"Әкеге қарап ұл өсер" дейді халық. Алайда ол ұл ержеткенде, әкесінің атына лайық бола ма? Әкесі істеген істерді ары қарай жалғастырып немесе қайталай ала ма? Бұл – үлкен сұрақ. "Мұра" деп аталатын қысқаметражды анимациялық фильмнің кейіпкері әкесі сияқты жасанды қанатпен ұшуды армандайды. Бірақ қанша тырысса да, жүрегіндегі қорқынышты жеңе алмай, қатты қиналады. Бір жағынан әкеден мұра боп қалған бас киім, екінші жағынан қорқыныш. Қайсысы басым түсер екен?