Мұқтаждық ("Under The Fold")

Дағдарыстың кесірінен жұмыссыз қалған бұл туындының кейіпкері баласына азық табу үшін күн-түн демей кезекте тұрып, жұмыс береді-ау деген есіктің бәрін қағып шығады. Бірақ  ол қанша тырысса да еш жерден жұмыс табылмайды. Шарасыз әкенің әр күн сайын жарқын өмірге деген үміті үзіле бастайды. Жан күйзелісіне ұшыраған ол баласына қарап жігерленуге тырысады, алайда одан қаншалықты пайда бар?!