Миллиардты таңғалдырған қазақша мультфильм

Әдетте біз адам баласына қауіп төне қалса, жоқ жерден пайда болып, жаудың бәрін қырып салып ерлік танытатын қаһармандарды жанымыздан емес, тым алыстан іздейміз, олар қиялда ғана бар деп ойлаймыз. Дегенмен олай емес екен.

Әжесінің тіл үйірер бауырсағынан дәм татып тұрған Айбар сайда жайылып жүрген бір отар қойға қасқыр шапқанын байқайды. Алғашында не істерін білмей сасқалақтаған ол, артынша бір амал қолдану керектігін түсініп, үй жанында тұрған атына мініп, сайға қарай жүйтки жөнеледі. Салт аттыдан қорыққан төрт қасқыр төрт жаққа қашады. Алайда көп ұзамай олар атта отырған жас бала екенін байқап, қарымта шабуылға көшеді. Жағдайдың бұлай боларын болжамаған бала, аттан құлап түседі. Енді ол бөрінің бірімен бетпе-бет қалды. Айбар көз жасына ерік беріп, бәрі бітті деп ойлаған шақта орман арасынан атқа мінген қаһарман атып шығады...

Оқиға соңы қалай аяқталғанын "Сахаралықпын" деп аталатын қысқаметражды анимациялық фильмнен көріңіздер!