Махаббаттың құдірет күші
Махаббат адамға күш береді, қуат береді, сенім береді, нәр береді, бәрін береді. Айналаңызға қарасаңыз, жүрегінде махаббат бар жаратылыс басқаларға қарағанда құлпырып, нұр шашып жүреді. Сезім сәулесі сөне бастаса, жаратылыс та семіп, жағдайы нашарлап, шырыны сығылған лимондай күйге түседі. Ешнәрсеге зауқы болмайды, еш іске бас бұра алмайды. Жұмысын да ойдағыдай орындай алмайды. Бұл сезім адамдар арасында ғана емес, жаны бар тірі жаратылыстың барлығында осылай болса керек. Бұл қысқаметражды анимациялық фильмді жасаушылар да осы сезімнің құдіретті күшін көсреткісі келген. Мұндағы махаббат шам мен гүлдің арасында, жарық пен сұлулықтың арасында өрбиді.