Қызмет ("El Empleo")

Техниканың дамып, экономиканың шарықтаған заманында адам баласы өзі жасаған өркениет көшіне ілесе алмай әлек. Керексіз ақпарат күннен күнге көбейіп, көпшіліктің миы қоқысқа толған, адами құндылықтардан гөрі ақшаның маңызы артқан. Ал сол ақшаны табудың бірден бір көзі еңбек шынайы бейнесі мен бағасын жоғалтып, тек табыс көзі ретінде ғана қаралатын деңгейге түскен. "El Empleo" деп аталатын бұл фильмді аргентиналық аниматор Сантьяго Грассо шығарыпты. Туынды қазіргі күні адамзаттың күйі қандай екенін ашып көрсетеді.