Құбыжықтарға арналған үйшік

Бұл қысқаметражды анимациялық фильм Людовик Гавилл, Дерья Кокаулью, Лукас Хадсон мен Колин Жан-Сони есімді жас режиссерлердің туындысы. Фильмде таңғажайып әлемде өмір сүретін құбыжық асыраушы бүлдіршіннің оқиғасы баяндалады. Өзінің ерекше достарына үй алып беруді армандайтын ол бір күні құстарға арналған үйшік сататын дүкенге баруды жөн санайды. Бүлдіршіннің бұл ойы қалай жүзеге асқанын туындыдан көріңіздер.