Кішкентай етікші ("Le petit cordonnier")

Париждің ескі көшелерінің бірінде дүңгіршек бар. Сол дүңгіршекте кішкентай бойлы, үлкен ойлы етікші жұмыс жасайды екен. Ол өз ісін мұқият әрі сүйіспеншілікпен атқаратыны соншалық, тіккен аяқ киімдері тіріліп, қимылдау, сезіну, ойлау қасиеттеріне ие болады екен. Күндердің бір күнінде, әдеттегідей саудасын жүргізіп отырған етікшінің дүңгіршегі жанына оған бәсекелес етікші өз дүңгіршегін ашады. Ол бәсекелестің етіктері өзгешелеу — заманауи технологиямен тігілген, бір емес, бірнеше данасы бар, тез тігіледі екен. Кішкентай етікшінің алдында қиын мәселе тұр: ол өз дүңгіршегін жабу керек немесе кәсібін бәсекелесіне сату керек. Оқиға қалай аяқталатынын видеодан көріңіздер.