Көшпелі бұлт (Partly Cloudy)

Бұл туынды ләйлек (аист) пен бұлттың арасындағы достықты баяндайды. Оқиға желісі бойынша ләйлектер адамдар мен түрлі жануарларға бала тасумен айналысады. Ал ол балаларды жасайтын бұлттар екен. Бұл бұлттардың арасында басқалардан түсімен ерекшеленетін бұлт болады. Өзгелер сүйкімді, тіл алғыш бала жасаса, ол адуын мінезді, батыл бала жасауға құмар екен. Күндердің бір күнінде оның туындыларынан таяқ жеп шаршаған бала тасығыш ләйлек басқа бұлтқа ұшып кетеді... Оқиға қалай аяқталғанын видеодан көре аласыздар.