"Қорқыныш" қысқаметражды анимациялық фильмі

"Қорқыныш – адамның дұшпаны" дейді біреулер. Расымен солай ма? Иә, ел алдында сөйлегенде, лифтке отырғанда қорқынышына ерік беріп, соның айтқанымен жүретін, сол себептен де сәтсіздікке ұшырайтын жандар аз емес. Десе де, қорқыныш әрдайым бізге жамандық әкеле бермейді екен. Оған мына екі минуттық туындыны көргеннен кейін көз жеткізесіз.