Көпір (Bridge)
Бұл анимациялық фильм желісі бойынша, аю мен бұғы көпір үстінде кездесіп қалады. Көпір тар болғандықтан, біреуі екіншісін өткізу үшін артқа шегінуі керек. Алайда өзінікін жөн деп есептеген екі қырсық та бір-біріне жол беруден бас тартады. Осылай біраз тұрғанда, аюдың артына көпірден өтпек болған жанат, ал бұғының артына қоян келеді. Қос дәу ашуларын осы екеуінен алып, ерегесуді жалғастырады. Оларға ренжіген қоян мен жанат жазалаудың жақсы амалын ойлап табады.