"Көксерек" қысқаметражды анимациялық фильмі

Табиғатқа лайық заңдардың адамға көне бермейтінін көрсететін Мұхтар Әуезовтың "Көксерек" әңгімесі оқырманды бала Құрмаштың тағдырына алаңдатып, оның қайғысын жүрекке жеткізетін күшке ие. Әлі күнге дейін "Көксерек", – дегенде көбіміздің ойымызға қайғылы оқиға желісі түсетіні де содан шығар. "Бөлтірік бөрілігін істемей қоймайды", – дегенді естігенде де, бәріміз осы оқиғаны еске алатынымыз рас. Ал бұл оқиға мүлде басқаша аяқталғанда қалай болар еді? Ол да мүмкін еді ғой? Назарларыңызға Мұхтар Әуезов әңгімесінің желісі бойынша түсірілген "Көксерек" қысқаметражды анимациялық фильмін ұсынамыз. Мұндағы Көксерек пен әңгімедегі Көксеректің ұқсастығы мен айырмашылығы неде? Оны туындыдан көріңіздер.