Киви! (Kiwi!)

Киви — қанаты жетілмеген себепті ұша алмайтын құстың түрі. Күндіз ұясына тығылып, жемтікті тек түнде іздеумен күнелтетін кивилер аспанда қалықтап жүрген құстарға қызыға, қызғана қарайды екен. Құс болғандықтан олардың да ұшқысы келетіні анық. Назарларыңызға өз арманына ұмтылған кішкентай кивидің ерлігін баяндайтын қысқаметражды анимациялық фильмді ұсынамыз. Сіз өз арманыңыздың орындалуы жолында қандай құрбандық жасауға дайынсыз?!