Кезбе ("Vagabond")

Бұл туындыда адамзат өркениеті өз шарықтау шегіне жеткен алыс болашақ суреттеледі. Құмырсқаның илеуіндей үлкен қаланың құжынаған халқы арасында бір кезбе өмір сүреді. Оның өміріндегі бар байлығы лашығы мен иті ғана. Күндердің бір күнінде қала ішіндегі кезекті тазалау жұмыстарын өткізіп жүрген қоқыс жинаушы машиналар абайсызда итті алып кетеді. Кезбе досына деген адалдығын дәлелдей ала ма? Оны видеодан көріңіздер.