"Жайсыздық" қысқаметражды анимациялық фильмі

Түнде биік ғимараттарының төбесіне дейін су басып, күн шығысымен суы тартылатын бұл қалада ескі сағаттарды жинаушы өмір сүреді. Өзінің күнделікті әдеті бойынша таңертең тірі жаны жоқ қаланы кезіп, сағат іздеумен жүрген ол үйлердің біріне тығылған кішкентай қызды кезіктіріп қалады. Кеш батуға жақындағанда жігіт ағасының алдынан таңдау шығады: кішкентай қыздың өмірін құтқару немесе жинаған сағаттарын сақтап қалу. Адамгершілік пен қызығушылық қақтығысында қай жақ басымдылыққа ие болғанын видеодан тамашалай аласыздар.