Жануарлардың жыл басы болуға таласуы
Қазақ бағзыдан он екі жылды бір мүшел санап, әр жылға бір жануардың атын берген. Жыл атауларына қатысты халқымызда аңыз-ертегі көп, солардың бірі он үш жануардың бір төбе басына шығып, жыл басы атануға таласқаны жайлы айтады. Назарларыңызға осы ертегіні негізге алып түсірілген "Мүшел" атты туындыны ұсынамыз.