Естен адастырар сәбіз
Тау бөктеріндегі жазықта өмір сүретін қоянды аулау үшін екі жігіт қатарласып қақпан құрады. Қоян біреу болғандықтан бәсекелес атанған олар жануарды өз қақпандарына түсіру үшін түрлі айлаға жүгіне бастайды. Уақыт өткен сайын таңдауы қиындай түскен қоян не істерін білмей абдырып қалады. Ал бірінен бірі асуды ойлап кеткен аңшылар өздерінің негізгі мақсаттарын мүлде ұмытып кетеді. Қысқа болса да қызыққа толы бұл туынды қалай аяқталғанын видеодан көріңіздер.