Егер ұйқыңыз қашса, оны қайдан іздеу керек?
Адам шамамен өмірінің 1/3 бөлігін ұйқымен өткізеді десек те, кей кездерде ұйықтай алмай қиналатынымыз рас. Әдетте мұндай жағдайлар мидың шектен тыс жұмыс істеуінен немесе керісінше, лайықты деңгейде шаршамауы себебінен болады. Сондай кезде халқымыз "Ұйқым қашып кетті" деген тіркес қолданатыны бар. Бұл тіркестің тереңіне үңіліп, пәлсапасын іздесек, "Ұйқы қайда қашады?", "Қашқан ұйқыны қайдан іздеу керек?" деген сұрақтар туындайды. Ендеше, сол сұрақтардың жауабын ашқан "Ұйқыны қайдан іздейміз?" атты қысқаметражды анимациялық фильміне назар салыңыздар.