"Думан" қысқаметражды анимациялық фильмі

Анимациялық фильмдер шығарудың үздігі саналатын "Disney" компаниясының кезекті туындысына назар салыңыздар. Бұл қысқаметражды мультфильм тамақ жегенде алдына жан салмайтын күшіктің бастан кешкен қызықтарын баяндайды. Иесіне әбден еркелеп алған ол күндердің бір күнінде оған көмек керек кезде талғамы мен таңдауынан бас тартып, нақты қадам жасауға бел буады. Күшіктің бұл ісі қандай нәтиже бергенін видеодан тамашалай аласыздар.