Джинкси Дженкинс пен Локи Лоу (Jinxy Jenkins & Lucky Lou)

Джинкси Дженкинс сәтсіздікке көп ұшырайтындардың қатарында. Ол бастаған істің бәрі үнемі насырға шабады. Ал әрдайым күлімдеп жүретіндер қатарындағы Локи Лоу, керісінше, сәттіліктің нышаны іспеттес. Күндердің бір күнінде бір-біріне кереғар екеуі көшеде соқтығысып қалады. Сәтсіздік пен сәттіліктің, мұң мен қуаныштың кездесуі неге ұласқанын видеодан көріңіздер.