"Дайын" қысқаметражды анимациялық фильмі

Бұл қысқаметражды анимациялық фильм баспада жұмыс істейтін роботтың оқиғасын баяндайды. Күнімен өзі секілді тек бір іспен айналысатын құрылғылармен қатар тұрып, адам суретін үздіксіз қағаз бетіне басудан шаршаған ол өмірін қызықты ететін ермек тапқысы келеді. Табады да. Алайда, әр нәрсенің өз төлемі бар. Бұл жолы да осы қағида расталады. Роботтың ермегі оның жұмысқа қабілеттілігіне ғана емес, өміріне де қауіпті. Ол қалауындағы іспен айналысып, өмірімен қош айтыса ма, әлде ары қарай өмір сүріп, дағдыланған ісін істеп күн кеше ме? Бұл сұрақтың жауабын видеодан көре аласыздар.