Дастархан

Абзалдың қонақ күткенді жақсы көретіні соншалық, қонақсыз астан алмайтын жағдайға жеткен. Ол үйіне түскен кез келген жанға қолында барын беруге дайын, "бір жұмыртқамен бір қауым елді" асырайтын жомарт адам. Күндердің бір күнінде Абзалдың шаңырағына тек бүйрек жегенді ұнататын Құдайы қонақ келеді. Оның қалауын орындаймын деп Абзал қорадағы бар қойын тауысып тастайды. Сол сәттен бастап оның үйіне көпке дейін адам келмей кетеді. Бұл жайтқа қатты мұңайса да кейіпкер елді қонақ етудің басқа амалын табады...