Дабыл ("Alarm")

Өміріңізде бір рет болсын "жалған ояну" сезімін басыңыздан өткеріп пе едіңіз? Таңертең тұрып, киіміңізді киіп, жуынып, артынша таңғы асыңызды ішкелі жатқан кезде оянып кетесіз. Сөйтсеңіз, бағанадан бері сіз түс көріп жатқан екенсіз. Енді бәрін "қайтадан" істеу керек. Мұны "жалған ояну" дейді. "Дабыл" мультфильмі осы бір ерекше сезімнің қалай болатынын сипаттайды. Егер ешқашан "жалған оянып" көрмесеңіз, мультфильмге назар салыңыз.