Біркелкіліктен қалай құтыламыз?
Қағазбастылық пен ақшаға құнығу, белгіленген заңдылықтармен өмір сүру – бүгінгі қоғамның үлкен дертіне айналып отыр. О бастан әрқайсысы ерекше болуы тиіс адам баласы уақыт өте біркелкіленіп барады. Бәрі біркелкі киінеді, біркелкі жүріп-тұрады, тіпті, біркелкі ойлайды. Соның әсерінен айналамыз қаншалықты сұрланып кеткенін байқамай қалғандаймыз. Бұл дерттен қалай айығуға болады?
Назарларыңызға Даниэль Мартинес Лара мен Рафа Кано Мендес ұсынған "Біркелкі" атты қысқаметражды анимациялық фильмін ұсынамыз. Бұл туынды біркелкіліктен қалай құтылуға болатынының сырын ашады.