Байқоңыр

Ен даладағы жалғыз қоныста тұратын Қасымхан есімді қойшы болыпты. Оның таңның атысынан, күннің батысына дейін қой соңынан салпаңдаумен жүретін Байқоңыр деген иті бар екен. Күндердің бір күнінде Байқоңыр иесінің газеттен "Ит ғарышта!" деген мақала оқып отырғанын көріп, терең ойға шомады. Сол күннен бастап ол да ғарышқа ұшуды армандай бастайды. Қойшы итінің бұл арманын естіген қаңғыбас иттер Байқоңырға көмектесуге уәде береді. Тек олардың талаптары бар еді... Байқоңыр ойындағысын жүзеге асыра алды ма? Оны видеодан көріңіздер!