Батареяны ауыстырыңыз

Ұлын жылына бір рет көретін қарт ана өзінің туған күнінде одан: "Анашым, кешір. Биыл жаныңда бола алмаймын. Мына қорапта саған арналған бір зат бар", - деген жазумен сыйлық алады. Қорапты ашып көрсе, ішіне үй шаруасын істеуге шебер робот салынған екен. Кәрі жан үшін таптырмас сыйлық дерсің. Алайда, бұл робот перзенттің орнын алмастыра ала ма? Оны туындыдан көріңіздер.