Алғашқы жүздесуде адам миы қалай жұмыс істейді?
Қыз бен жігіт алғаш рет жеке қалғанда екі жақ та қобалжитыны анық. Бірі тоқтаусыз сөйлесе, екіншісі айтарға әңгіме таппай үнсіз қалады, тағысын тағы. Бұл – қалыпты жағдай. "Неге олай болады?" деген сауалға жауап тапқыңыз келсе, "Мидың бөлінуі" атты қысқаметражды анимациялық фильмге назар салыңыз. Туынды сізге бәрін тиянақты етіп түсіндіріп береді.