Әлемнің бөлінуі ("Worlds Apart")

"Әлемнің бөлінуі" атты бұл туынды 2011 жылы шыққан. Сол уақыттан бері көптеген байқауларда бас жүлдені еншілеген. Туынды желісі бойынша адамзат тастап кеткен Жер бетін зерттеуге жат планеталықтар келеді. Қараусыз қалған үйлердің бірінен ойыншық қонжық тауып алған олар жансыз заттардың айналасында болған дүниелерді көрсете алатын құрылғы арқылы қонжық пен оның иесінің, Жер планетасындағы адамзаттың соңғы күндері қалай өткенін өз көздерімен көреді.