Адуму (Adumu)

"Адуму" деп аталатын бұл қысқаметражды анимациялық фильм канадалық режиссер Адам Темпленің туындысы. Оқиға желісі бойынша Африканың саваннасын шулатып келе жатқан қарақшылардың біреуі жолдастарынан қалып қояды. Қаруы болса да табиғатпен бетпе-бет кездесуге дайын болмай шыққан ол не істерін білмей, абдырап қалады. Алайда көп ұзамай оның алдынан қолында найзасы бар бейтаныс адам пайда болады. Шөп арасында тығылған арыстан жемтік ретінде кімді таңдар екен? Оны видеодан көріңіздер.