"Үкілі кәмшат" фильмі

Жетім қалған Джон, Ерболат пен Әлия үшеуі жағдайлары нашарлағандықтан қаладағы үйлерін тастап, басқа жаққа көшуге мәжбүр. Абырой болғанда аналары оларға ауылдағы ескі бір үйді мұра ретінде қалдырған екен. Үміт оты жанғаннан кейін ағайынды үшеуі сол үйге барып тұруды ұйғарады. Алайда бәрі олар ойлағандай оңай емес еді. Өйткені бұл үйде он жылдан бері басқа адамдар тұрып келеді. Ал олар үйді заңды иелеріне босатып беруге асығар емес. Кішкентай ауылдағы үлкен оқиға қалай аяқталғанын режиссер Әділхан Ержановтың "Үкілі кәмшат" фильмінен көре аласыздар.