"Түймедақ" қысқаметражды фильмі

Үй-күйі жоқ қаңғыбас өзіне азық іздеп жүріп, қоқыс тастайтын жәшіктің ішінен түймедақ тауып алады да, оның бір күлтесін жұлып, іштей: "Қолыма тандыр нан түссе екен", – деп арманын айтады. Өзінің бұл қылығына күліп тұрған ол арманы орындалған сәтте қатты таңырқайды. Дегенмен оның таңданысы ұзаққа созылмайды. Тағдырдың жолдаған сыйын пайдаланып қалу үшін қаңғыбас гүлдің кезекті күлтесін жұлады. Арман артынан арманын айтып, аяқ асты байып кеткен ол арман артынан қуамын деп, өзін тығырыққа тақайды.