"Тойхана мен Шайхана" фильмі

Қалдыбай – қаладағы ең ірі тойхананың иесі. Ал оның көршісі Қайролла тойханадан еш кемшілігі жоқ шайхананы басқарады. Бабадан мұра болып қалған наурыз мейрамы қарсаңында қатар қоныстанған бәсекелестердің бақталастығы арта түседі. Өйткені бүкіл жұрт демалысқа шығып, тойхана мен шайханаға ағылады. Қонақ үшін таласта түрлі айлаға баруға әзір қарсыластардың арасындағы текетірес немен аяқталғанын "Тойхана мен шайхана" фильмінен көріңіздер.