Сталинге сыйлық

2008 жылы түсірілген режиссер Рүстем Әбдіраштің бұл туындысында Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ауыр жылдар суреттеледі. Жаппай жер аудару, Сталиннің 70 жылдық мерейтойы мен атом бомбасының қазақ жеріндегі алғашқы сынағы — бұл үш оқиға бір бірімен қалай байланысатынын фильмнен көре аласыздар.