"Сәрсенбінің сәтіне" фильмі
Шаш ал десе, бас алатын аса белсенділер қай кезде де болған. Таңғы асын іше сала орталыққа "ұшқан" Серікқұл Дарханбаевич те сондайлар қатарынан. Ол бүгін ферма бастығы болып тағайындалуы тиіс. Сол себепті де директордың алдына бара жатыр. Алайда жол-жөнекей шұғыл шаруалары шығып қалған оның басына "Бекіту қайда қашар дейсің?" деген ой келіп, Серікқұл Дарханбаевич директорге соқпастан бұрын болашақ лауазымына қатысты жұмыстарды реттей беруді жөн санайды. "Асыққан — шайтанның ісі" демекші мезгілінен бұрын қызметіне кірісуге асыққан кейіпкерді күн соңында тосын сый күтіп тұрған еді...