"Параллель" қысқаметражды фильмі
Түн. Үй. Компьютер алдында отырған еркек. Бір кезде терезеден біреу сығалағандай болды. Сыртта адам тұрғанын сезген кейіпкер орындық астына жасырылған пистолетін алып, сыртқа шықты. Бірақ онда ешкім жоқ. Терезе жанына барып, ішке үңілсе, компьютер алдында өзі отыр. Міне, ғажап! Бұл қалай болғаны? Сыртта да, іште де – өзі. Бұл тылсымның сыры неде?