"Өтелмес борыш" қысқаметражды фильмі
Күнделікті тіршілік, жұмыс деп, көпшілік өздеріне ең жақын жандарды ұмыт қалдырып жатады. Солардың қатарында аналар да бар. Адамның тұлға болып қалыптасуына бірден-бір себепші болған абзал жандар мұндайда ләм-мим демей, нәрестесінің тілеуін тілеп қана жүретінін айтсаңшы. "Күншығыс" киностудиясының 2015 жылы түсірген "Өтелмес борыш" атты бұл фильмі ананың балаға деген махаббатын баяндайды. Туындыда көрсетілген оқиға қалың көрерменге ой салатыны анық.