"Өтелмеген парыз" фильмі
Жалғызы Сұлтан көлік оқиғасынан қайтыс болғаннан кейін кіндігін жалғастыратын ұрпағы қалмаған Қожабек қария өмірден баз кешіп, жан күйзелісіне ұшырайды. Алайда қаладан келген өсек-аян Сұлтанның некесіз бір ұлы барын жеткізеді. Жалғызының бойына бала кезден адамгершілік, адалдық сынды қағидаларды сіңіріп өсірген ақсақал үшін бұл жаңалық төбесінен жай түскендей болды. Шаңырақтың отын тұтатар немере бар екенін және ұлының өнегесіздік танытып балалы әйелді тастап кеткенін ойлаған ол не қуанарын, не Сұлтанға лағынет айтарын білмей, мәселенің ақ-қарасын ажырату үшін қалаға баруды ұйғарады. Алып шахарда Қожабек қарияны өзі білмеген тосын әңгімелер күтіп тұрған еді...