"Өмір-ай..." фильмі
Өмір — шыр етіп дүниеге келген сәтіміз бен күн жетіп, тәнімізді топыраққа берген сәтіміздің аралығы. Өмір — толассыз өткелдерден тұратын ұзақ жол. Әр өткелдің өзіндік қиындықтары бар. Яғни өмір жолы күреске толы. Оны біреулер жылап, біреулер шыдап көтереді. Көзді бір ашып жұмсаң, жолдың жартысына келген боласың. Әрі қарай тағы да бар. Бірақ жолымыздың соңы қашан, тоқтар жеріміздің қайда екенін білмейміз. Біз адамдар өмірді терең түсіне алмай келеміз. Ал өмір болса, біз ойлағаннан да күрделі...