"Қыз Жібек" анимациялық фильмі

Сұлтан Қожықовтың 1970 жылы шыққан "Қыз Жібек" туындысын көрмеген жан кем де кем шығар. Әйгілі жырдың желісіне арқау етіп түсірілген фильм бүгінде қазақ киносының алтын қорына еніп отыр. Десе де, бұл туынды ересектердің қызығушылығын тудырғанымен, балалар үшін аса қызық емес екені анық. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін "Azia animation" компаниясы "Қыз Жібектің" анимациялық нұсқасын шығарған екен. Ендеше, сол фильмге назар салыңыздар.