Жер бетінде қазақша сөйлейтін соңғы адам қалса, оның есімі кім болар еді?
Қоғамда қазақ тілінің бүгінгі халі мен дамуына қатысты пікірталас жиі орын алады. Біреулер оның болашағы жоқ деп үйренуден бас тартса, екіншілер алға сеніммен қарап, ана тіліміздің дамуына үлестерін қосып жатыр. Енді қиялыңызға ерік беріп, елестетіп көріңізші: егер алғашқылардың ойы орындалып, қазақтар ана тілдерінде сөйлеуді доғарса және Жер бетінде қазақша сөйлейтін тек бір қыз қалса, оның есімі кім болар еді? Бұл сұрақтың жауабын "Е18" шығармашылық тобының мүшелері табуға тырысыпты. Олар түсірген қысқаметражды фильм оқиғасы дәл осы сценарий бойынша өрбиді. Видеоға назар салыңыздар.