Жат

Өмірде болған оқиға желісі бойынша түсірілген бұл фильм қиын-қыстау кезеңде ата-анасынан айырылған Ілиястың өмірі туралы баяндайды. Ілияс ел ішінде болып жатқан өзіне түсініксіз дүниелерден қашамын деп, ауылынан жыраққа кетуге бел буады. Орман ішінде жабайы адамның тіршілігін кешіп, аң аулап, тұзақ құрумен күнін өткізетін оның өмірі шытырманға толы: бірде азық табамын деп аңмен арпалысады, енді бірде өзі әділетсіз деп есептейтін нәрселерді қабылдаудан бас тартқаны үшін туғанына жат атанып, қоғам тарапынан қысым көреді.