Жан тебірентер қысқаметражды фильм

Шығармашылық адамдары айналасындағының бәрін өзгеше көретіні белгілі. Көп жағдайда мыңнан шыққан дарындарды халық бірден қабылдамайтыны да содан болар. Карлос Ласканоның "Лила" атты туындысы суретші қыздың бір күнін көрсетеді. Көзі қырағы шығармашыл жан үнемі күлімдеп жүреді және басқалардың жанына үңіліп, оларға қуаныш сыйлауға әуес. Алайда оның ішкі дүниесіне үңілетін жан жоқ. Лила жүрегінің түбінде қандай сыр жасырған? Оны видеодан көріңіздер.