"Гиппократ анты" қысқаметражды фильмі

Медицина қызметкерлерінің қызметке алғаш кірген уақытта беретін серті бар. Оның мәтінін Гиппократтың өзі жазған деседі. Алғашқы дәрігер саналатын оның анты дәрігерлердің ортақ заңына жатады. Өкінішке орай, қазіргі таңда берген сертін бұзып, дәрігер атаулының атына кір келтіріп жүргендер аз емес. Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының түлегі Ернат Қордабаевтың бұл туындысы сондай жандарға арналады.