"Бізді күтер бір бақыт" фильмі

Көрерменді күлдіре отырып, көпшілікке ой салуды мақса тұтатын комедия жанры сықақ, романтикалық комедия, қылмыстық, жағдайлық комедия деп бірнеше түрге бөлінеді. Ефим Аронның "Ақ раушанынан" бастау алып, Шәкен Аймановтың "Алдар көсе", "Біздің сүйікті дәрігер", "Тақиялы періште" сынды фильмдерімен жалғасын тапқан бұл жанрдағы туындылар қазақ кино өнерінде көп. Тәуелсіздік жылдарында да осы бағытта фильм түсіретіндердің саны азаймады. Назарларыңызға режиссер Мақсат Оспановтың "Бізді күтер бір бақыт" атты туындысын ұсынамыз. Комедия жанрында түсірілген бұл фильм жұмыс іздеп басынан түрлі оқиғаларды өткерген кейіпкердің өмірін көрсетеді. Сыншылар өз сынын айтты. Енді кезек халықта. Туындыны көріп, өз бағаларыңызды беріңіздер.