"Бір кем дүние..." фильмі

Бұл фильм қажылыққа баруды ниет еткен Мұса ақсақалдың бастан кешкен оқиғасын баяндайды. Қартайдым-ау демей, таңнан қара кешке дейін тыным таппай тапсырыспен ат әбзелдерін жасайтын қария өз арманына жету жолында көптеген кедергілерге тап болады. Алайда, қажымас қайраты мен даналығының арқасында ол жарты жолда тоқтап қалмай, алдынан кезіккен қиындықтарға төтеп береді.

Туынды 2013 жылы шыққан. Фильмнің продюсері және сценариін жазған Орынбасар Балтабайұлы, ал қоюшы режиссері Төлеген Бейсет. Басты рөлдерді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Оразхан Сәдуақасұлы, Шолпан Сіргебаева, белгілі актерлер Азамат Сатыбалды мен Жалғас Толғанбай, Қуаныш Тұрдалин сомдаған.