"Балалық шақтың кермек дәмі" фильмі
1943 жыл. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталғанына бірнеше жыл болып, оның әсері майданнан шалғай жатқан ауылдарға қатты сезілген шағы. Сырдария өзені жағалауына қонып, еңбек етіп жүрген халыққа қажетті ұн, тұз және майданнан келген хаттарды тарату Зейнолла ақсақалдың мойнында. Ол өзінің қайығына мініп, жанына көмекші ретінде Дариға есімді немересі мен қаладан келген Әмір және Мұхтар есімді екі баланы ертіп алады. Ондағы мақсаты жұмыссыз жүрген балаларды еңбекке баулу, олардың күшін пайдаға жарату еді. Кезекті ауылға хат апара жатқанда Зейнолла ақсақал тоққа түсіп, оны өзен ағызып әкетеді. Аяқ асты капитансыз қалған үш бүлдіршін бар жауапкершілікті өз мойындарына алып, тағдыр салған қиындықтармен күресуге бел буады.