"Ата" фильмі
Отбасымен қалада тұратын Бек ауылда жалғыз қалған әкесін жанына көшіріп алуды ұйғарады. Оның ұлы Айбек атасының өздерімен бірге тұратынына қатты қуанғанымен, келіншегі қарсылығын ашып айтпаса да бұл жаңалыққа көңілі түседі. Бүкіл ғұмырын далада өткізіп, кеңдікке үйренген қария көшесі мен ауасы тар қалада өзін жат сезінеді. Алайда, қалмасқа амал жоқ.