"Аманат" қысқаметражды фильмі

Massaget.kz режиссері Ернар Алмабек "48HFR" кинобайқауында үздіктер қатарынан көрініп, Astana Film Found продюсерлік орталығының директоры, аталған байқаудың қазылар алқасының құрамында болған Ернар Құрмашевтің арнайы сыйлығын жеңіп алды. Ернар Құрмашев жас режиссердің еңбегін жоғары бағалап, шығармашылық ұжымды жаңа жобасында бірге жұмыс істеуге шақырды.  Ернар Алмабек "48HFR" республикалық қысқаметражды кинолар байқауына "Аманат" фильмін ұсынған еді. Байқауда бақ сынаған қысқаметражды фильм екі күннің, яғни 48 сағаттың ішінде түсірілді. Байқау ережесі де – 48 сағат ішінде кино түсіріп, қазылар алқасына жолдау болды. 

Ернар Алмабектің "Аманат" қысқаметражды фильмін ұсынамыз.