"Алты жасар Алпамыс" фильмі

Өзінен ересек балалармен мектепке баруды армандайтын Алпамыс, ойындағысын жүзеге асыру үшін әріп оқып, есеп шығаруды үйренеді. Енді қалғаны: бірінші сыныпқа сабақ беретін жас мұғалімнің көңілінен шығу. Бұл жолда Алпамысқа жақын досы Қалихан көмектеспек. Бірі момын әрі ақылды, бірі пысық әрі тапқыр екі баланың бастан кешкен қызықтарын режиссер Абдолла Қарсақбаевтың "Алты жасар Алпамыс" фильмінен тамашалыңыздар.