"Ақсарбас" фильмі
Қазақ сахарасындағы көшпелі өмір, қазақы дүниетаным мен дәстүрлі мәдениетке негізделген бұл фильмде бірнеше жанның тағдыры баяндалады. Ұзатылғалы отырған жеріне бармай, сүйгенімен қашып кеткен Үкібала, оны бір көргеннен ұнатқан Ақтай сал, арманшыл Қали мен салмақты Қастел – бұл жандардың бастан кешкен оқиғалары қызықты әрі мұңды. Туындыны тамашалап, өз бағаларыңызды беріңіздер.